Екібастұзда мас ер адам шылым шегемін деп өртеніп кете жаздады

Сурет: unsplash
Екібастұзда мас ер адам шылым шегемін деп өртеніп кете жаздады. Ол өзінің салғырттығынан ауыр күйік алды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші 14 қарашаға қараған түні абайсыздықтан күйік алған.

Ол мас күйінде Екібастұздағы М.Жүсіп көшесіндегі үйдің ауласына темекі шегуге шықты. Оның сыртқы киімінің қалтасында болған ішімдік киімге аздап төгілді. Ер адам темекі шегіп еңкейгенде, сыртқы киімі бірден лапылдады.

Қала тұрғыны өртенген киімдерін шешіп үлгерген, содан кейін үйден су әкеліп, отты сөндірді.

Екібастұз қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Ер адамның денесі шамамен 20%, кеуде, иық және жамбасын термиялық күйік шалды. Сондай-ақ, ол белгісіз заттан уланған.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды