Павлодарда есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкеннің қоймашылары ұсталды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында жедел уәкілдер облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі құралдары мен психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

Тексеру барысында тыйым салынған заттардың сатылуы мессенджер арқылы интернеттің көлеңкелі сегментінде жүзеге асқаны, ал ақы криптовалюта арқылы төленгені анықталды.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Оларды тінту кезінде таратуға дайындалған екі полиэтилен орамы және жалпы салмағы шамамен 90 грамм болатын психотроптық зат салынған екі қаптама тәркіленді. Сонымен қатар электронды таразылар, қаптамалық материал, ұялы байланыс құралдары, банктік карталар және іске дәлел болатын өзге де заттар алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды", – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.

Қазіргі уақытта қылмыстық интернет-дүкенді құрған және оның қызметін жүргізген тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жалғасуда. Аталған интернет-ресурсты бұғаттау жөнінде шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға ақпарат жолданды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды