Мас күйде ойын-сауық мекемесінде жанжал шығарып, әріптестеріне бағынбаған полицей жұмыстан шығарылды

Фото: pexels
Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының соты бұрынғы полиция қызметкеріне жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп танудан және бұрынғы қызметін қалпына келтіруден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, талап қоюшы өзі ешқандай тәртіптік теріс қылық жасамағанын, азаматтарға құрметсіздік көрсетпегенін, қоғамдық тәртіпті бұзбағанын, сондай-ақ былапыт сөздер қолданбағанын алға тартып, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тануды сұрады. Талапкер көңіл көтеру мекемесіндегі шотты уақытылы төлегенін де атап өтті.

Сот анықтағандай, қызметтік іссапарда болған сәтте полиция аға лейтенантта қоғамдық орындағы орынсыз мінез-құлықпен, ойын-сауық мекемесіне барумен, алкоголь өнімін ішумен, мекеме әкімшілігімен жанжалды жағдайға қатысумен, мас күйінде полиция қызметкерлеріне бағынбаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауда көрініс тапқан теріс қылық фактілері орын алған.

Бұл ретте, полиция департаменті бастығының бұйрығымена азамат қызметтік нұсқаулықты, антын өрескел бұзғаны және құқық қорғау органын беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан запасқа босатылған.

Сот ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, қызметкер адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге, қызметтік және еңбек тәртiбiн сақтауға, өзіне ҚР заңдарымен белгіленген шектеулерді қабылдауға, ҚР заңнамасымен көзделген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға міндетті екенін еске салды.

"Осылайша, Бірінші саты сотының шешімімен Н.-нің талабын қанағаттандырудан бас тартылды. Апелляциялық сот алқасымен шешім өзгеріссіз қалдырылды".Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі

Бұған дейін Оралда полиция есірткі таратқан жас жігітті ұстағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Тоқаев Жетісу облысының әкіміне Қытаймен шекарадағы Достық пен Қорғастағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды