Екібастұзда жаңа ферроқорытпа зауыты іске қосылды

Сурет: "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС
2025 жылдың 20 қарашасында Павлодар облысының Екібастұз қаласында ферросилиций өндіретін жаңа зауыт жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"EkibastuzFerroAlloys" ЖШС бұл кәсіпорынды салу үшін 92 млрд теңге инвестиция тартқан. Компания мәліметінше, зауыт жылына 240 мың тонна ферросилиций өндіре алады.

Сурет: "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС

Акционер Ерлан Нығматулиннің айтуынша, құрылыс кезеңінде шамамен 1,5 мың маман жұмыспен қамтылған, ал кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 800-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.

"Кәсіпорын экспортқа бағытталған: өнім 52 елге жеткізіледі, ал отандық үлес 96%-ға дейін жетеді", – деп атап өтті Ерлан Нығматулин.

Сурет: "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС

Ал акционер Давид Кемертелидзе зауытта инновациялық экологиялық шешімдердің енгізілгенін мәлімдеді.

"Газды тазарту тиімділігі 99,8%-ға дейін жетеді, ал ұсталған шаң қосымша өнім – микрокремнеземге қайта өңделеді. Ол да экспортқа жөнелтіледі", – деді Давид Кемертелидзе.

Кәсіпорын "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-не жақын маңда орналасқан, бұл шикізат пен электр энергиясы көздерінің қолжетімділігі есебінен өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұл жоба – Екібастұзды 2025 жылға дейін дамыту жоспары аясындағы маңызды стратегиялық бастама. Оның жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірде білікті кадрларды сақтап қалуға, инновациялық технологиялардың трансферін қамтамасыз етуге, экологиялық таза өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде Қазақстанның әлемдік ферросилиций нарығында жетекші орын алуына жол ашады.

Сурет: "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС

Бұдан бөлек, жаңа зауыт қаланың дамуына айтарлықтай серпін беріп, өңдеуші өнеркәсіптің байланысты салаларына мультипликативтік әсер етеді.

"EkibastuzFerroAlloys" ЖШС өнімді Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка нарықтарына шығаруды жоспарлап отыр. Осы бағытта қажетті келісімдер мен офтейк-шарттар жасалған. Алдын ала есептеулерге сәйкес, экспорттың жылдық құны 100 млрд теңгеден асады.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты