Алматыда Лавренев көшесі учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz
Кепілдік міндеттемелері шеңберінде асфальт жабынының шөгуін жою үшін Лавренев көшесіндегі қозғалыс ішінара бір жарым күнге шектеледі.

2025 жылғы 26 қарашада сағат 23:00-ден 28 қарашада сағат 6:00-ге дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Лавренев көшесі бойынша Наманганская көшесіндегі № 43а үйден Майлин көшесіне дейін, батыс жағымен автокөлік қозғалысы шектеледі.

Екі бағыттағы қозғалыс аталған учаскенің шығыс жағында ұйымдастырылатын болады.

Мамандар анықтаған осы көшенің жүру бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының шөгуін жою үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері шеңберінде жүргізетін болады.

Қозғалыстарды шектеуге қатысты ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылған.


"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды