Астанада тісін емдетемін деп көз жұмған үш жасар қыз: Жаппай тексеріс жүргізіледі ме

Сурет: pexels
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2025 жылы 26 қарашажа Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Астанада тісін емдету кезінде көз жұмған үш жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимур Сұлтанғазиев бұл жағдайды өте сорақы әрі резонансты оқиға деп бағалады.

"Әрине, обал, небәрі 3 жастағы сәби. Денсаулық сақтау министрлігі көңіл айтады. Бірақ, сот-медициналық сараптаманы Әділет министрлігі жанындағы сот-медициналық сараптама органдары жүргізеді. Бұл ретте тексерудің шынайы жүргізілуі үшін Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары тартылмайды", - деді ол.

Оның айтуынша, оқиға орнында анестезиолог-реаниматолог, тіпті жедел медициналық қызмет көрсететін дәрі-дәрмек қорабы да болмаған.

"Басқа да бұзушылықтар болған. Мұның барлығы сот шеңберінде қарастырылатын болады", - деді вице-министр.

Дегенмен, оның айтуынша, аталған жағдай барлық стоматологиялық клиникаларды жаппай тексеруге негіз бола алмайды.

"Бүгіндері бізде мұндай жоспар жоқ. Тексеру Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады", - деді Тимур Сұлтанғазиев.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін