Қазақстандықтарға газбен жабдықталған көліктердің күтімі мен негізгі ережелері түсіндірілді

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
ШҚО әкімдігі 2025 жылғы 2 желтоқсанда қазақстандықтарға автомобильдерде газ жабдықтарын пайдаланудың маңызды ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, 2025 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының жолдары қауіпті аймаққа айналды: 102 автокөлік өртену оқиғасы тіркелді.

Алайда құтқарушыларды таңғалдырған бір жайт – сұйытылған газбен жүретін бірде-бір автокөлік өртенбеген.

Мамандардың айтуынша, газбен жабдықталған көліктер (ГБЖ) дұрыс пайдаланылған жағдайда қарапайым автокөліктерге қарағанда қауіпсіз болуы мүмкін.

Өрт шығуының негізгі себептері:

ГБЖ бар көлік иелері нені білуі керек?

Сонымен қатар, ұзақ уақытқа қою кезінде вентильдерді жабу, магистральдағы газды толық шығару, тұтандыру жүйесін өшіру және аккумулятордың "массасын" ажырату ұсынылды.

"Көлік сақтау алаңдары әр 10 көлікке бір жинақ есебімен сүйреткіш арқан және тіреуіштермен жабдықталуы тиіс. Жеке гараждарда жанғыш заттарды, 20литрден артық жанармайды және 5 литрден көп майды сақтауға болмайды".ШҚО әкімдігі

Құтқарушылар ескертеді:

"Өрттің алғашқы белгілері байқалған кезде көлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, жолаушыларды кемінде 10 метр қашықтыққа шығару қажет. Сол сәтте-ақ 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау керек. Өрт аумағы шағын болса, капотты абайлап сәл ғана көтеріп, ауа кірісін көбейтпей, өрт сөндіргішпен өртті сөндіруге болады".

Бұған дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі мақта өңдеу кешені құрылатындығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды