Алматы тұрғындарына 24 маусымда телефонға ескерту хабарламасы келеді

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 09:25 Фото: pexels
2026 жылғы 24 маусым күні сағат 11:00-де Алматы қаласының Медеу ауданындағы Музтау шағынауданында халықты хабардар ету жүйесі – Masalert жүйесінің тестілеу іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.

Мамандардың айтуынша, бұл іс-шара жоспарлы түрде өткізіледі және жүйенің техникалық дайындығын тексеру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар ету тәртібін пысықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ведомство өкілдері тексеріс жоспарлы сипатта екенін айтып, тұрғындардан сабыр сақтауды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жол айрығындағы екі учаске 23 және 24 маусым күндері жабылатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: