КПО жаңа әлеуметтік нысандарды таныстырды

Сурет: КПО баспасөз қызметі
2025 жылғы 23 қазанда "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." (КПО) компаниясы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Кентөбек, Бумакөл және Жарсуат ауылдарындағы үш мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жөндеу жұмыстары компанияның өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары аясында жүзеге асырылды.

Жаңартылған нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Бөрлі ауданы әкімдігі басшылығы, КПО өкілдері, бизнес серіктестер мен жергілікті қауымдастық қатысты.

Сурет: КПО баспасөз қызметі

Аталған ауылдардағы мәдениет үйлері 1965, 1973 және 1975 жылдары салынған болатын, сондықтан олардың жаңғыртылуы ұзақ уақыттан бері қажеттілікке айналған. Бүгінде нысандар толықтай өзгеріп, ішкі және сыртқы келбеті жаңартылды. Ғимараттар қазіргі талаптарға толық сәйкес келеді және мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге қолайлы жағдай жасайды.

Сурет: КПО баспасөз қызметі

Күрделі жөндеу барысында тозған және зақымдалған барлық конструкциялар ауыстырылды, әрлеу материалдары жаңартылды, шатыр және инженерлік жүйелер жөнделді, қоршау конструкциялары оқшауланды, жаңа терезелер мен есіктер орнатылды. Сондай-ақ ішкі және сыртқы қоршаулар жаңартылды. Мәдениет үйлері аумағы да қайта абаттандырылып, тас төсеу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, 2025 жылы Бөрлі ауданында Кентөбек және Жарсуат ауылдарында екі спорт залының, сондай-ақ Қызылтал ауылында мәдени-спорттық кешеннің құрылысы басталды.

Сурет: КПО баспасөз қызметі

Жыл басынан бері компания Орал қаласындағы төрт білім беру мекемесінің күрделі жөндеуін аяқтады: №17 мектеп, №9 мектеп, БҚО ББ "С. Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған қазақ мамандандырылған мектеп-интернаты", МКҚК "Д. Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебi", сондай-ақ Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты "Жастар мәдениет сарайы" ғимараты. Сонымен қатар Қазталов ауданына қарасты Қоныс ауылында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Сурет: КПО баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында компания 10 құрылыс жобасын және Ақсай қаласындағы техникалық колледжге жабдық жеткізу жобасын жүзеге асыруда.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында КПО жыл сайын өңірде көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырады. Аталған ауылдарда жаңа нысандардың пайдалануға берілуі жергілікті халықтың мәдени әлеуетін арттыруға және тұрақты дамуға ықпал етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты