2025 жылы Ұлытау облысында екі мектеп, үш балабақша пайдалануға берілді

Сурет: ortcom.kz
2025 жылы Жезқазған қаласында 300 орындық "Жайлы мектеп" пен Теректі ауылындағы 80 орындық білім ошағы ашылса, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында бас аяғы 640 орындық қос балабақша және Жаңаарқа ауданында 165 орындық бір бөбекжай ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 3 желтоқсанда Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысқан ОКҚ алаңында өткен брифингте айтылды.

Әкімнің сөзінше, Қаражал қаласы мен Манадыр станциясында Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес салынып жатқан қос мектептің құрылысы аяқталу сатысында.

"Ұлытау облысындағы ерекше күтімді қажет ететін балалар ата-аналарының өтініші бойынша биыл өңірде алғаш рет аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылды. Сонымен қатар, демеушілік қаражат есебінен биыл Жезқазғанда 250 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды",- деді ол.

Бұл ретте, сала бойынша 2026-2027 жылдар аралығында Жезқазған қаласында жоспарланған:

Бұл ретте, өңірде 2025 жылы "Алтын белгі" иегерлері 2 есе өсіп, 74 түлекке жеткені атап өтілді.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі