2030 жылға дейін Ұлытау облысының 63 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 3 желтоқсанда ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірде газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бүгінде аймақ бойынша көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі 9,1%-ға жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім облыста сомасы 46 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта газдандыру жұмыстары облыстың Жезқазған қаласы, Атасу кенті, Кеңгір ауылы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданы және Жезді кентінде қарқын алған. Жаңаарқа ауданында газ тарату желілері құрылысының жобасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өтті. Нәтижесінде 188 шақырым желі тартылады. 2027 жылға дейін Атасу кентінің 4500 үйі газбен қамтылады. Кеңгір ауылына көгілдір отынның желілерін тарту жұмыстары 2025 жылдың қазан айында аяқталды. Осылайша аталған елді мекеннің 500-ге жуық баспанасы мен 7 әлеуметтік нысан газға қосылады",- деді Ұлытау облысы әкімі.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде жалпы ұзындығы 226 шақырым желілер тартылып жатса, Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданында келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2030 жылға дейін облыстың барлық қала-ауданына көгілдір жетеді деп күтілуде.

"Бүгінгі таңда Жезқазған қаласында 3676 абонентке газ желілері тартылып, 2 нысан газға қосылды",- деді әкім.

Бұған дейін 2025 жылы Ұлытау облысында екі мектеп, үш балабақша пайдалануға берілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты