Алматыда өртенген үйдің жертөлесінен ес-түссіз жатқан адам табылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы құтқарушылары дереу реанимациялық шаралар жасап, ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыдағы құтқарушылар Жетісу ауданындағы Белорусская көшесіне шақыртумен барды.

Тұрғын үйдің жертөлесінде тұрмыстық заттар жанып, қою түтін пайда болған.

"Барлау кезінде құтқарушылар жертөледен ес-түссіз жатқан 1973 жылы туған ер адамды тауып, сыртқа алып шықты. Оқиға орнында олар дереу реанимациялық шаралар жасап, оны өмірге қайтарды. Кейін ер адам жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Өрт толығымен сөндірілді", - делінген хабарламада.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды