Конституциялық сот судьясы төрағаның орынбасары болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Нұрмұхановты Конституциялық сот төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ресми ақпарат бүгін, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақорданың Telegram арнасында жарияланды:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды".
Бақыт Нұрмұханов 1979 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2010).
Еңбек жолы:
- 2000–2003 жылдары – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы;
- 2003 жылғы мамырдан 2011 жылғы маусымға дейін – ҚР Конституциялық кеңесінің құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімінің талдамалық жұмыс секторының меңгерушісі, Конституциялық кеңес төрағасының кеңесшісі;
- 2011 жылғы маусымнан бастап – ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының құқықтық сараптама бөлімінің басшысы (2013 жылы "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадр резервінен қайта тағайындалған);
- 2008 жылдан 2017 жылғы тамызға дейін – қосымша қызмет ретінде Еуропа кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясымен (Венеция комиссиясы) байланыс жөніндегі офицер;
- 2017 жылғы 1 тамыздан 2022 жылға дейін – ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының басшысы;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – ҚР Конституциялық сотының судьясы;
- 2023 жылғы 10 қаңтардан 2026 жылғы 23 қыркүйекке дейін – ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары;
- 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап – ҚР Конституциялық сотының судьясы.
2026 жылғы 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттың 10 судьясын тағайындады. Олардың тізімімен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript