"Alatau" АЭА аумағы ұлғайтылды

Сурет: alatausez.kz
Үкіметтің 2025 жылғы 20 қарашадағы қаулысымен "Alatau" арнайы экономикалық аймағының қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістерге сәйкес, "Alatau" арнайы экономикалық аймағының аумағы Қонаев және Алатау қалаларын, сондай-ақ Алматы облысының Талғар және Іле аудандарын қамтитыны бекітілді. Шекаралары қоса берілген жоспарға сәйкес айқындалған.

АЭА – порттық арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие.

Аймақтың жалпы аумағы 97 930,98 гектардан 98 982,98 гектарға дейін ұлғайды. Ол өңірдің көлік-логистика мүмкіндіктерін дамытуға арналған аумақты, оның ішінде әуежай қызметіне арналған инфрақұрылымды қамтиды және Қазақстан аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, өзгерістерге байланысты АЭА-ның шекара жоспары жаңартылған (төмендегі сызбада көрсетілген).

2047 жылға дейін "Alatau" арнайы экономикалық аймағының мақсатты көрсеткіштері мынадай болып белгіленді:

Қаулы 2025 жылғы 20 қарашадан бастап күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа "Атырау" арнайы экономикалық аймағы құрылғаны хабарланған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін