Петропавлда зергерлік шеберханаға ұрлыққа түсіп, өрт қойған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері қос қылмысты әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері 4 желтоқсан күні таңғы сағат 05:00 шамасында "Галактика" сауда үйінде болған өрттің мән-жайын тексерді.

Алғашқы болжамда электр сымдарының қысқа тұйықталуы қарастырылғанымен, өрттен ең көп зардап шеккен нысан зергерлік шеберхана болғаны назарға алынды.

Тәртіп сақшылары сауда үйінің маңындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, өртке дейін біраз уақыт бұрын сол маңда болған және бос сауда павильонына бірдеңе жасырып кеткен күдікті адамды анықтады. Павильонды тексеру барысында полицейлер оның ішінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдар салынған түйіншекті тапты. Осылайша ұрлық фактісі белгілі болды. Тексеру нәтижесі сауда үйіне қасақана өрт қою әрекетін растады.


"Бейнежазбалар ерте уақытқа қарамастан оқиға орнында жүрген куәгерлерді анықтауға да көмектесті. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың болуына байланысты күдікті өрт қойғаннан кейін ұрланған бағалы заттарды бірден алып кетуге тәуекел етпеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұрлық және бөтеннің мүлкін қасақана жойды деген күдікке ілінген 32 жастағы петропавлдық ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Жыл басынан бері облыста бейнекамералардың көмегімен 800-ге жуық қылмыс ашылды, оның 208-і – ұрлық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі