Қазақстанда заңсыз атқарушылық жазбалардың жаппай рәсімделу фактісі анықталды

Фото: freepik
Павлодар облысының прокуратурасы нотариустардың атқарушылық жазбаларды рәсімдеу кезінде заңды жаппай бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство атқарушылық жазба – талаптардың даусыз болған жағдайда ғана қолданылатын қарыз өндірудің жеңілдетілген тетігі екенін атап өтті. Оны рәсімдеу үшін борышкер өзінің міндеттемені орындамағанын жазбаша түрде мойындауы қажет, бұл факті нотариуспен куәландырылады.

Алайда тексеріс көрсеткендей, бұл талаптар жүйелі түрде еленбеген.

Талдау барысында облыс аумағында екі нотариустың 20 мыңнан астам атқарушылық жазба жасағаны анықталды.

"Олардың біреуі 15 мыңнан астам жазбаны қандай да бір шартсыз, қарыздың есебінсіз және азаматтардың жазбаша қарыз мойындау хатынсыз рәсімдеген. Мұндай құжаттарды жасау микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктермен сөз байласу арқылы жүзеге асқан",- делінген ақпаратта.

Нәтижесінде облыс тұрғындары заңсыз ақша өндіру және несие тарихының нашарлауы сияқты жағдайларға тап болды.

Тексеріске сәйкес прокуратура ұсыным енгізіп, нотариустар лицензияларынан айырылды.

Бұған дейін Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тексеру 216 млрд теңге ысырапты анықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы