Жетісу облысында үш ер адам ұрланған малдарды сойып жатқанда ұсталды

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтап, 9 жылқы аман сақталып, ірі шығынның алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында полиция қызметкерлері Ескелді ауданында болған жылқы ұрлығын дер кезінде әшкерелеп, тағы бір ауыр қылмыстың жолын кесті.

"Түнгі мезгілде бейтаныс адамдар Беғаш ауылының шетіндегі жайылымға жасырын кіріп, 11 жылқыны айдап әкеткен. Келтірілген залал шамамен бес млн теңгеге бағаланған. Жедел жұмылдырылған тәртіп сақшыларының кәсібилігі арқасында қылмыс қысқа уақыт ішінде ашылды", - деп хабарлады полиция.

Облыстық криминалдық полиция басқармасы мен Ескелді аудандық полиция бөлімінің бірлескен жедел тобы өңірде кешенді іс-шаралар жүргізді. Тінту нәтижесінде күдіктілердің ізі анықталып, ұрланған малды сойып жатқан бір шаруа қожалығының аумағынан үш ер адам ұсталды.

Ұсталғандардың барлығы – Жетісу облысының тұрғыны. Арнайы операция барысында полицейлер 9 жылқыны тауып, ал екі жылқыны күдіктілер сойып үлгергенін анықтады.

Қазір күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып, олардың өзге де мал ұрлығы деректеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ұрланған жылқылар мен ет өнімдері толығымен иесіне қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді