Алматыдағы жаңа стадионның құрылысы туралы тың дерек жарияланды

Алматыдағы жаңа стадионның құрылысы туралы тың дерек жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 15:46 Сурет: Instagram/almatydc.kz
Алматыда салынып жатқан жаңа футбол стадионының құрылысына қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 7 қыркүйекте Алматыны дамыту орталығы жаңа стадионның құрылыс алаңын көрсететін бейнероликті Instagram парақшасында жариялады.

"Бүгін – құрылыс алаңы, ертең – 45 мың жанкүйерге арналған футбол стадионы. Арена УЕФА-ның төртінші санаттағы стадиондарға қоятын талаптарына сәйкес салынып жатыр және халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдай алады", – делінген бейнероликтің сипаттамасында.

Алматыда УЕФА стандарттарына сай жаңа стадион салынатыны 2025 жылғы 26 тамызда белгілі болған.

Жаңа арена Құлжа және Талғар тасжолдарының бойында салынып жатыр. Жобаны жүзеге асыруға шамамен 32 гектар жер бөлінген.

Жоба аясында негізгі футбол аренасынан бөлек, жаттығу алаңдарын, спортшылар мен командаларға арналған заманауи үй-жайларды, жанкүйерлер аймағын және қауіпсіздік жүйелерін салу көзделген. Сондай-ақ стадион маңындағы аумақ кешенді түрде абаттандырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: