Теміртау тұрғыны үйіне келген қонағының 1 млн теңгесін ұрлап алған

Фото: pexels
Теміртауда 56 жастағы әйел таныстарының үйіне қонаққа барғаннан кейін қомақты қаржысынан айырылды. Банктегі шотынан шамамен 1 млн теңге заңсыз шешіліп алынғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бойынша полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – қонақты қабылдаған пәтердің 24 жастағы иесі.

Тергеу мәліметінше, мерекелік отырыс кезінде күдікті үстелде қараусыз қалған қонақтардың бірінің мобильді телефонын байқап, жағдайды өз пайдасына пайдаланған. Ол банк қосымшасы арқылы ақшаны өз шотына аударып алған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ұрлық бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға, әсіресе, бейтаныс ортада жеке заттарын қараусыз қалдырмауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз