Алматыдағы "оптовкада" жүк көлігі әйелді таптап өтті

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 13 желтоқсанда Алматыдағы көтерме сауда нарығы аумағында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Розыбакиев көшесінде, Райымбек даңғылының алдында болған. Оқиға орнында жүрген Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, бұл жол бөлігінде әдеттегідей көлік көп болып, екі бағытта да кептеліс болған.

Сурет: Zakon.kz

Қозғалыстың тоқтап тұрған кезін пайдаланып, әйел адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Сол сәтте жаяу жүргінші кептелісте тұрған жүк көлігінің алдынан өтіп бара жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Көліктер қайта қозғала бастаған кезде жүк көлігінің жүргізушісі әйелді байқамай, қағып кеткен. Тілшінің айтуынша, көлік көп тонналы болғандықтан, жүргізуші әйелді соққанын сезбеуі де мүмкін. Соның салдарынан жүк көлігі 1940 жылы туған егде жастағы әйелді жаншып өткен.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына Алматының құтқару қызметтері жетіп, олардың көмегімен марқұмның мәйіті көліктің астынан шығарылды. Әйел алған жарақаттарынан медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері, криминалистер мен анықтаушы жұмыс істеп жатыр. Аталған дерек бойынша тиісті материалдар рәсімделіп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі