Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Фото: pexels
Мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет ете бастайды. Осыған байланысты ҚР ІІМ 2025 жылғы 18 желтоқсанда қазақстандықтарды жалған ашықхаттар мен “тиімді” жеңілдіктерге сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар қауіпті файлдар тіркелген "жаңа жылдық құттықтауларды" таратып, сондай-ақ бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды.

Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады.

"Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар жарқын құттықтау жіберіп, Файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді. Сондай-ақ нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді",- деп ескертті полицейлер.

Бұл ретте, алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді.

"Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауды пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеруді ескертеді. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал. Қауіпсіздік бәрінен маңызды. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін қазақстандық саудагерден бір миллион теңгенің отшашуы тәркіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды