Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды

Сурет: polisia.kz
Орал қаласында криминалдық полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз сатты деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында күдіктінің Toyota Camry 50 автокөлігін жалға алу сылтауымен иесінен алып, кейін үшінші тұлғаға иесінің келісімінсіз сатып жібергені анықталды.

Жәбірленуші қала көшелерінің бірінен өз автокөлігін байқап қалып, дереу полицияға жүгінген. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары көлікті қысқа мерзім ішінде анықтап, иесіне қайтарды.

Белгілі болғандай, автокөлік шетелде тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 7,5 млн теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін