Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды

Сурет: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, адам капиталы – дамудың басты қозғаушы күші. Жапония бұл формуланың дұрыстығын нақты дәлелдеді.

"Адам, еңбекке құрмет көрсету, ұдайы жетілуге ұмтылу, өмір бойы оқу, өскелең ұрпаққа білім беру – Сіздің мемлекетіңіздің артықшылығы. Қазақстан білім саласын белсенді дамытып жатыр. Әсіресе, шетелдік серіктестерімізбен бірге осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Елімізде шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары табысты қызмет етуде" Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Жапонияға Қазақстанда университеттер мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады.

"Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін", - деді Президент.

Тоқаев сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдетуды дұрыс деп есептейді.

"Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады. Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын. Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету" номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз", - деді Мемлекет басшысы.
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері

ҚР ІІМ: дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда