Қазақстанда бір палаталы Парламент жөнінде түпкілікті шешім қашан қабылданады

Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда Астананы дамыту мәселесіне арналған кеңесте сөз сөйлеп, бір палаталы Парламент құру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенін еске салды. Оның айтуынша, бұл – кейінгі жылдары қолға алынған ауқымды өзгерістердің заңды жалғасы.

"Түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Азаматтарымыз мақұлдаса, Ата Заңға көптеген өзгеріс енгізіледі. Түзетулердің ауқымын ескерсек, мұны жаңа Конституция қабылдаумен бірдей қадам деуге болады. Біз озық ойлы ұлт ретінде болашаққа сеніммен қараймыз. Алдымызда биік мақсаттар тұр. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруымыз қажет. Толық цифрлық мемлекет болуымыз керек. Энергетика, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту қажет. Мұның барлығы – бір күндік шаруа емес. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктірсек, осы мақсаттың бәріне жетеміз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы сондай-ақ Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс екенін де айтты.

"Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек. Айтылған міндеттердің барлығы уақтылы әрі сапалы орындалуға тиіс", - деді ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек