Ведомство президенттің жуырда берген тапсырмасын еске салды.
"2026 жылдан бастап инфекциялық қызмет пен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысы қосымша өсіріледі. Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген іс-қимыл жоспарына сәйкес медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылғаны атап өтілді.
"Бұдан бөлек, жедел жәрдем қызметінің 2,1 мыңнан астам фельдшерін бейнежетондармен жабдықтау, медициналық ұйымдарда жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелерін енгізу және 626 қабылдау бөлімшесіне дабыл түймелерін орнату мәселелері шешіліп жатыр", - деп түсіндірді министрлік.