Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әлеуметтік саланы дамыту бағытында қолға алынған шараларға тоқталды

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 25 желтоқсанда Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарында өңір жұртшылығымен кездесіп, әлеуметтік саланы дамыту бағытындағы шараларға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, біз өркениетті ел болу үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз.

"2019 жылдан бері 1289 жаңа мектеп салынды. Соның 130-дан астамы осы жылы бой көтерді. Білім беру саласына бөлінетін қаражат үш есе көбейді. Ғылымға салынған инвестиция бес жылда 5 есе өсті. Қазақстанда шетелдің 33 университетінің филиалдары ашылды. Жас ғалымдарға баспана беріліп жатыр". Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, ол ұлт саулығын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Соның нәтижесінде, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Мұны рекордтық көрсеткіш деуге болады.

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы табысты жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында 646 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған қоса, 32 аудандық аурухана заман талабына сай көпбейінді орталық аурухана ретінде жаңғыртылып жатыр"Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстанда "Заң мен тәртіп" қағидаты орнығып, жаңа мәдениет қалыптасып келетіндігін айтқан болатын.

Қазақстан
Тараз
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды