Жүргізуші жолаушы әжейді автобустан түсіріп жіберді: Алматы автопаркі жағдайға түсініктеме берді

Фото: Zakon.kz
Алматыда үстінен жағымсыз иіс шыққан қарт әйелді автобустан түсірген жүргізушінің басы бәлеге қалды. Оған қатысты қызмет тексерісі басталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, жүргізуші зәр иісіне тұншыққан жолаушылардың шағымынан соң, қарияны автобустан шығарып жіберуге мәжбүр болыпты.

Оқиға 118 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте бір мезетте зәрдің өткір иісі сезіліпті. Кейін иістің қариядан шыққаны анықталады. Осыдан соң бірнеше жолаушы жүргізушіге шағымданып, оны көліктен түсіруді талап еткен. Сөйтіп автобус тізгініндегі ер адам аялдамалардың бірінде қарт әйелдің қоғамдық көліктен шығуын талап етеді. Алайда заң бойынша мұндай себеппен жолаушыларды қууға рұқсат жоқ. Дегенмен жауаптылар жолаушылардан шағым түскен жағдайда жүргізуші тиісті шара қолдануға міндетті дейді. Қазір оған қатысты қызмет тексерісі жүріп жатыр.

"Жүргізушіге аталмыш факті бойынша бейнежазбаларды көтеріп, ішкі қызмет тексерісін жүргізген соң белгілі болады. Егер автобус салоны бос болып, адам болмаса немесе жолаушылар тарапынан наразылық білдірілмесе онда жүргізуші ондай факторға көз жұма салады".Алмаз Төлегенов, "Алматыэлектротранс" ЖШС бөлім басшысы

Бұған дейін Ұлттық Банк 500 теңгелік жаңа банкноттар айналымға шыққанын жариялағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді