ШҚО-да екі мешіттен ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
"102" арнасына облыс орталығындағы мешіттердің бірінен құны 400 мың теңге тұратын Asus ноутбугінің жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасағаны үшін тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстардың ашылуына қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын қолдану ықпал етті.

Сонымен қатар ол күдіктінің басқа бір мешітте жасалған осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Барлық жағдайда күдікті бірдей тәсілмен әрекет еткен. Тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған.

Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды