Қарағанды облысында тәртіп сақшысы түтінге тұншыққан бала мен зейнеткерді құтқарды

Сурет: polisia.kz
Қарағанды облысы Саран қаласында адам өмірін арашалап қалған нағыз ерлік сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел басқару орталығының камералары Дамир Оразалиннің түтінге тұншығып жатқан үйден кішкентай бала мен сал ауруына шалдыққан зейнеткерді құтқарған сәттерін тіркеген.

Оқиға кешкі уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Балкондағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт тұтанып, қою түтін бүкіл подъезді жайлаған. Сол сәтте демалыста жүрген полиция қызметкері Дамир Оразалин досы Николай Тарасовпен бірге жақын маңда серуендеп жүріп, қауіпті жағдайды байқап қалады.

Еш ойланбастан олар үйге қарай жүгіріп, тұрғындарды құтқаруға кіріседі. Қауіп туралы ескерту үшін бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелерін қағып, адамдарды тез арада сыртқа шығуға шақырған. Подъездің есігі ашылған бойда Оразалин тұрғындарды эвакуациялауды өзі қолына алған.

Бейнекадрларда полиция қызметкерінің алдымен кішкентай баланы қауіпсіз жерге алып шығып, кейін қайта кіріп, сал ауруына шалдыққан әжейді қолына көтеріп сыртқа алып шыққаны анық көрінеді. Ал оның досы Николай өрт шыққан пәтердің иесімен бірге терезелерді сындырып, өрт ошағына қар лақтырып, жалынның одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады