Павлодар облысында полицейлер автокөлік иесінен каннабис тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында полицейлер автокөліктен 500 грамнан астам каннабис тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының Железин ауданы аумағында Омбы - Майқапшағай автожолының 1100-шақырымында патрульдеу барысында Chevrolet Cobalt автокөлігі тоқтатылды.

Көлікті тексеру кезінде салонның артқы орындығынан өзіне тән иісі бар, сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған пакет анықталды. Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері күмәнді затты бірден тәркілеп, тиісті рәсімдер жүргізді.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 500 грамнан асатын каннабис тектес есірткі заты екені расталды.

Тексеру барысында автокөлік салонында болған 49 жастағы жолаушы аталған есірткі затын жеке тұтыну мақсатында сақтағанын түсіндірді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігіне сәйкес, яғни есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде келу міндеттемесі қолданылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін