Алматы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне арналған жедел қызметтердің телефон нөмірлерін жариялады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жаңа жылдағы мереке күндері Алматының коммуналдық және апаттық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мереке күндері, 2026 жылы 1-4 қаңтар аралығында, Алматы қаласының коммуналдық, апаттық және жедел қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл шаралар инженерлік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және төтенше жағдайда жедел әрекет ету мақсатында қабылданды.

Мереке күндері жылу, су, электр және газбен жабдықтау, жеделсаты шаруашылығы, көше және аулаішілік жарықтандыру, сондай-ақ жол мен аула аумағын күтіп ұстау бағыттары бойынша тиісті қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Барлық жұмылдырылған ұйымның жұмысын үйлестіретін қалалық штаб жұмыс істейді.

Тұрғындар үшін мереке күндері төмендегі жедел және апаттық байланыс нөмірлері қолжетімді болады:

ТЖД құтқару қызметі: 109;

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

(ПИК, МИБ жұмысы, аулаларды тазалау және апаттық жағдай мәселелері бойынша):

+7 (727) 225-14-31, +7 (707) 018-08-46, +7 (747) 132-23-52;

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

(жеделсаты, қазандық және газ жабдығы мәселесі бойынша):

+7 (727) 390-28-19, +7 (701) 344-74-87;

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (электрмен жабдықтау):

+7 (727) 356-99-99, +7 (701) 410-88-56;

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС (жылыту және ыстық сумен жабдықтау):

+7 (727) 378-06-48;

"Алматы Қала Жарық" АҚ (көше және аулаішілік жарықтандыру):

+7 (727) 390-20-40, +7 (727) 390-20-60;

"Алматы Су" ШЖҚ МКК (суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі):

+7 (727) 274-66-66, +7 (727) 274-24-20, +7 (771) 852-91-01;

"ҚазГаз Аймақ" АҚ (газбен жабдықтау):

+7 (778) 959-47-67.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқыс жағдай туындаған кезде кезекші қызметтерге жедел түрде жүгінуге шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін