Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда өрт сөндірушілер түтінге толған бес қабатты тұрғын үйден сегіз адамды, оның ішінде жеті баланы аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, 2026 жылғы 7 қаңтарда Қаратал шағынауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тіркеліп, соның салдарынан кіреберіс тез арада қою түтінге толған.

"Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында автосатының көмегімен жоғарғы қабаттардағы пәтерлердің терезелері арқылы сегіз адам құтқарылды, олардың жетеуі – балалар", - деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарылғандардың барлығы сақтық шарасы ретінде қосымша медициналық тексеруден өту үшін Талдықорған қаласындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті