Қарағанды – Сұрыптау станциясында ер адам полицияға қарсылық танытқан

Сурет: polisia.kz
Көлік полицейлері былтыр 89 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 89 397 құқық бұзушылықты анықтады.

Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 7 321, ұсақ бұзақылық – 760 дерек және тағы басқа. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов айтты.

Оның айтуынша, Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын патрульдеу барысында қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүрген Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ер адам медициналық куәландыруға жеткізу кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық танытып, бағынбаған.

"Аталған факті бойынша құқық бұзушы алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", - деді Құрмет Мәжікенов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті