Жыл соңындағы қозғалыс – ең көп күн
2024 жылы соңғы жұмыс күні 30 желтоқсан болды (1,68 млн сапар), ал 2025 жылы – 29 желтоқсан (1,56 млн сапар).
Магистральдар мен қалаға кіреберістер
Негізгі көшелердегі орташа тәуліктік көлік ағыны 12,5%-ға өскен, ал қалаға кіріс пен шығыс жолдары бойынша – 12%-ға артқан.
1 қаңтар – жылдың ең тыныш күні
Бұл күні көлік қозғалысы шамамен 50%-ға төмендейді: жолдарда барлығы 380–420 мың автокөлік болады. Дегенмен, 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 01:00-де 4,5 мың көлік тіркелген – бұл 2025 жылмен салыстырғанда екі есе көп (2,7 мың). Адамдар мереке өткізу орындары арасында жиірек қозғалады.
Қозғалыстың қайта артуы
2 қаңтарда көлік белсенділігі шамамен 10%-ға артады, ал 3 қаңтарда 20%-ға күрт көбейеді. Бұл алматылықтар қонаққа, сауда орталықтарына және қала сыртқа шығатынына байланысты болуы мүмкін.
Жаңа жылдағы көлік қозғалысы жылдағы ең болжамды кезеңдердің бірі болып саналады. Сарапшылардың айтуынша, әр жылдағы сценарийлер аптаның күндерін есепке ала отырып, бір-біріне өте ұқсас.
Сонымен қатар, бір күн бұрын Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдар мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін полиция дрондарды қолдана бастағанын хабарлаған.