Қарағандыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қарағандыда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды. Оның айтуынша, ол ұрлықтың құрбаны болған.

Полицейлер жедел әрекет етіп, күдіктіні қысқа мерзім ішінде анықтады. Ол 44 жастағы азамат болып шықты. Жеке тінту барысында одан ұрланған әмиян ішіндегі заттарымен бірге табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ұсталған адамның қала мен облыс аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды