Қазақстандық оқушыларға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің гранты жайлы жағымды ақпар тарады

Фото: Zakon.kz
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн қабылдау eGov.kz порталында және eGov mobile мобилдік қосымшасы арқылы қолжетімді болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 6 сыныпта оқитын балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері бере алады.

Алғаш рет Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу және білім беру гранты аясында қабылдау конкурсына қатысуға өтінім беру үдерісі eGov.kz электрондық үкімет порталы және eGov mobile мобилдік қосымшасы арқылы толықтай автоматтандырылды.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 9 ақпанда аяқталады. Сонымен қатар, құжаттарды офлайн форматта Назарбаев Зияткерлік мектептері филиалдарының қабылдау комиссиялары арқылы да тапсыруға болады.

Конкурс 7 сыныптарға қабылдау үшін өткізіледі. Қатысу тек жалпы білім беретін ұйымдардың 6 сыныптарында оқып жатқан оқушыларға арналған.

Қазіргі уақытта 7 – 9 сыныптарда оқып жатқан оқушылар, сондай-ақ бұрын өтінім тапсырған немесе қолданыстағы рұқсаттамалары бар үміткерлер конкурсқа қатыса алмайды.

eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін, пайдаланушыға:

Қызмет тегін көрсетіледі.

"Егер бала Қазақстанда оқымаған жағдайда, өтінім беру кезінде пайдаланушы баланың үлгерім табелінің немесе оқу сыныбы, оқу жылы және құжат берілген күні көрсетілген мектептен анықтаманың электрондық көшірмесін, сондай-ақ белгіленген талаптарға сай 3×4 форматтағы оқушының цифрлық түрлі-түсті фотосуретін қоса тіркеуі қажет. Жеке басын куәландыратын құжаттар мен туу туралы куәлікке қатысты мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі",- деп ескертті ведомство.

Бұған дейін Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы өсетіндігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды