Әкімдіктер шығаратын бағалы қағаздардың ережесіне өзгерістер енгізілді

Фото: pixabay
Қаржы министрі 2026 жылғы 8 қаңтардағы бұйрығымен облыс, республикалық мәні бар қала немесе астана әкімдіктерінің ішкі нарыққа шығаратын бағалы қағаздарына қатысты Ережелерге түзетулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа түзетулерге сәйкес, бағалы қағаздар эмитент арқылы аукцион, қосымша орналастыру немесе қайта ашу тәртібімен шығарылады, бұл тәртіп сауда ұйымдастырушысының ережелерінде белгіленген.

Эмитентке бағалы қағаздарды жартылай немесе толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі беріледі.

Жартылай немесе толық мерзімінен бұрын өтеу бағалы қағаздардың иелерімен (немесе олардың уәкілетті өкілдерімен) келісім бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, бағалы қағаздарды өтеу және қызмет көрсету, сондай-ақ мерзімінен бұрын жартылай немесе толық өтеу тиісті жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүргізілетіндігі көрсетілген.

Бұйрық 2026 жылғы 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды

Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады