Павлодар облысында пара алған ҚТЖ қызметкерлері сотталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі көлемде, адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы және бірнеше рет пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі (ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1,2,4-тармақтары) қарады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Соттың хабарлауынша, 2021 жылдың желтоқсан айында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының директоры қызметін атқарған ер адам, өзіне бағынышты қызметкерден құны 56 907,89 теңге тұратын кеңсе креслосын сатып алған.

Сонымен қатар, ол 2025 жылдың ақпан-сәуір айларында аталған қызметте бола отырып, "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының бастығымен алдын ала сөз байласып, мердігерді қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Олар Ақсу-1 станциясындағы электрмонтаждау жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық көрсету үшін мердігерден 2,7 миллион теңге көлемінде пара алған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Сот үкімімен "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының директоры ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1,2,4-тармақтары бойынша, ал Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлікті тәркілеусіз, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі