БЖЗҚ-ға айтарлықтай салмақ түспейді: Еңбек министрлігі Моңғолиямен жасалған келісімді түсіндіріп берді

Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай 2026 жылғы 22 қаңтарда Сенат отырысында Моңғолиямен зейнетақы жинақтары бойынша ратификацияланған келісімге байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) қосымша жүктеме түсуі мүмкін деген мәселеге пікір білдірді.

Аталған келісім ынтымақты зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін өзара тану тетіктерін, сондай-ақ әскери қызмет өткерген кезеңдер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқыған уақытты еңбек өтіліне есептеуді көздейді.

"Сыртқы істер министрлігінің деректеріне сәйкес, соңғы 21 жылда Моңғолияға көшіп кеткен біздің азаматтар саны шамамен 2,2 мың адамды құрайды. Мысалы, өткен жылы зейнет жасына жетіп, Моңғолияға қоныс аударғандар саны бар болғаны 7 адам болды. Осыған байланысты БЖЗҚ-ға айтарлықтай жүктеме болады деп күтілмейді", – деп сендірді Виктория Шегай.

Сонымен қатар ол жеңілдікті зейнетақы төлемдеріне қатысты да түсінік берді. Оның айтуынша, "қандас" мәртебесімен Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген азаматтарға Моңғолия азаматтығынан шыққанға және Қазақстан азаматтығын алғанға дейін жеңілдікті зейнетақы төлемдері төлене береді.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарын Моңғолияда пайдалана алатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады