2026 жылы Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы көтеріле ме

Фото: Zakon.kz
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлжан Жарасова 2026 жылғы 22 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте студенттерге шәкіртақының индексациясы жүргізіле ме деген сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бері шәкіртақы мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Алайда бұл өсім инфляциямен байланысты емес. Сонымен қатар, 2020 жылмен салыстырғанда бүгінде шәкіртақы көлемі екі есеге артқан. Атап айтқанда, осы оқу жылында студенттер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға жоғары шәкіртақы ала бастады.

"Қазақстан заңнамасында шәкіртақыны индексациялау қарастырылмаған", – деп атап өтті комитет төрайымы.

Қазіргі таңда бакалавриат студенттеріне берілетін шәкіртақы мөлшері 52 мың теңгеден асады.

Медициналық және педагогикалық мамандықтар бойынша оқитындарға 84 мың теңге төленеді. Магистратурада шәкіртақы көлемі 117 мың теңгеден жоғары болса, докторантурада 262 мың теңгені құрайды.

Бұған дейін Сенат депутаты Закиржан Күзиев аграрлық жоғары оқу орындарының студенттеріне шәкіртақыны арттыруды ұсынған болатын. Оның пікірінше, бұл ауыл шаруашылығы саласындағы білім беруді дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті