Алматыдағы мұз айдынында жанжал жаппай төбелеске ұласты

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы мұз айдындарының бірінде жаппай төбелес болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасындағы жанжал тұрмыстық себептен шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сәті түсірілген бейнежазбаны куәгерлер әлеуметтік желілерде таратқан. Алматы полиция департаменті 2026 жылғы 22 қаңтарда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

"Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасындағы жанжал тұрмыстық негізде туындаған", – делінген Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"Жанжалға қатысқан әрбір адамның әрекетіне заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды