Алматыда алаяқтарға алданған тұрғындардың 700 млн теңгесі қайтарылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы интернет-алаяқтыққа қарсы жан-жақты күрес жүргізіп жатыр. Былтыр осындай 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, жапа шеккен азаматтарға 700 млн теңгедей қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркебұлан Қойшыбаевтың айтуынша, өтірік сайт пен интернет-дүкен ашып, онлайн мәміле кезіндегі алдап, "жұмыс" немесе "инвестиция" деген желеумен азаматтарды осындай жолмен ақша табуға тартып, банк пен қауіпсіздік қызметінің өкілі болып қоңырау шалу көп кездеседі екен.

Мұндай қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау үшін "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі қолданылады. Оның көмегімен зиянды контенті бар ресурстарды қоса алғанда, 17,6 мыңнан астам осындай сайт пен сілтеме бұғатталыпты.

Сондай-ақ алдын алу жұмысы да қоса жүргізіліп жатыр:

"Интернет-алаяқтықпен күресу полицияның ғана жұмысы емес, онымен әр адам күресуі керек, сақтануы керек. Кодты, парольді, картадағы деректі ешкімге айтпаңыз, күмәнді сілтемелерге жоламаңыз. Күмән туса бірден полицияға, банкке жүгінген жөн", – деп ескертті Еркебұлан Қойшыбаев.

Спикер сондай-ақ қалалық әкімдік, қоғамдық ұйымдар, банктер мен білім беретін мекемелермен бірлесіп, қазір барлық жастағыларды қамтитын ауқымды алдын алу жұмысы да қолға алынғанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі