Астанада жаңа бағыттарды қамтитын үш автобус жолға шығады

Сурет: Zakon.kz
"City Transportation Systems" ЖШС бүгін, 2026 жылғы 24 қаңтарда Астана тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көліктің жаңа бағыттары туралы тың жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания мәліметтеріне сәйкес, 25 қаңтардан бастап жаңа №№ 506, 507, 508 экспресс-бағдарлары іске қосылады:

Жаңа бағдарлар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды.

Атап айтқанда, № 506 бағдар Мәңгілік ел даңғылымен тура жүретін болса, №507 экспресс-бағдар Сығанақ көшесімен Мәңгілік ел даңғылына дейін тікелей жүріп, бұған дейін қоғамдық көлік қатынасы болмаған Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейінгі бөлігінде көліктік қызметті қамтамасыз етеді.

№508 бағдар Қ. Мұхамедханов көшесінің жаңа учаскесімен (Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін), Сарайшық көшесімен "Министрліктер үйі" аялдамасына дейін тікелей қатынайды, одан әрі Ж. Нәжімеденов көшесімен "Нұрлы жол" теміржол вокзалына дейін жүреді.

Бұған дейін Алматыда 17 қаңтардан бастап жолаушылар автобусының бірі жүріс бағытын өзгерткенін жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді