Бұған дейін әлеуметтік желіде семейлік бойжеткеннің "жантүршігерлік" оқиғасы тараған болатын. Онда қыз түнде үйіне келер жолда көшедегі бейтаныс қыздың қоқаң-лоққысына тап болған. Бұдан кейін көшеге жалғыз шығуға жүрегі дауаламай қалған ол көп өтпей полицияға да арызданған.
"Жақында сталкингке қатысты жаңа заң күшіне енген болатын. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалған фактілер де бар. Заң жұмыс істей бастады, бірақ әлі де тәжірбиені қажет етеді. Дәл осы оқиға бойынша барлық мән-жайды анықтауға қосымша тапсырма беремін. Егер себептер табылып жатса, тиісті шаралар қабылданады", – деді Лепеха.
Сондай-ақ журналистер ІІМ өкілінен "Сталкинг" бабы бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғанын сұрады.
"Сталкинг бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалған, бірақ олардың қаншасы сотқа жеткені туралы айта нақты алмаймын", – деп толықтырды министр орынбасары.
Еске салсақ, 2025 жылғы шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған болатын.