Алматыда тағы бір заңсыз қосалқы нысан сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылдың 29 қаңтарындағы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Алматыда тағы бір заңсыз қосалқы нысан сүрілді, деп хабарлады Zakon.kz.

Ақсай-5 шағынауданы, 25 үй маңына заңсыз салынған қосалқы нысан сүрілді деп хабарлады Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері.

Бұған дейін "Ozyurt" ЖШС иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде тұрғын емес ғимаратқа қосалқы нысан рұқсатсыз шаруашылық әдісімен салынғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған.

2025 жылы 21 ақпанда соттың шешімімен меншік иесі заңсыз салынған құрылыс үшін жауапкершілікке тартылып, мәжбүрлі түрде бұзу жөнінде шешім шығарылған еді.

Бүгін қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріліп, сот шешімі орындалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы