"Жаңа Конституция туралы мәселені қарастыру орынды деп санаймын" - Мәди Мырзағараев

Фото: elbasylibrary.gov.kz
29 қаңтар 2026 жылы Конституциялық реформа комиссиясының отырысында республикалық адвокаттар коллегиясының төрағасы Мәди Мырзағараев еліміздің Конституциясына енгізілетін маңызды түзетулерді атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәди Мырзағараев бұрын қазақстандықтарға Конституцияға түзетулер жобасы ұсынылғанын еске салды.

"Жоба азаматтардың және сарапшылар қауымдастығының, соның ішінде көрнекті адвокаттар мен заңгерлердің пікірлері ескеріле отырып әзірленді. Енгізілген түзетулер қоғамның барлық сұраныстарына жауап береді және адам құқықтарының негізгі мәселелеріне тікелей қатысты... Соңғы екі күнде біз ұсынылған түзетулерді белсенді түрде талқыладық. Кеше түзетулер жобасы таныстырылды – мен оны мұқият зерделеп шықтым және маңызды түзетулер аз емес екенін атап өткім келеді. Олардың барлығы заман талабына сай. Осыған байланысты Конституциялық комиссияның осы отырысында жаңа Конституция мәселесін қарауды ұсынамын", – деді Мырзағараев.

Парламенттің төменгі палатасы төрағасының орынбасары, депутат Дания Еспаева жаңа Конституция қабылдауды ұсынды. Өйткені конституциялық комиссияға түскен 2 мыңнан астам өтініш құжат ережелерінің жартысынан көбін қамтиды.

"Жекелеген түзетулер өзгерістерді орнықты іске асыру үшін қажетті тұтастық пен айқындықты қамтамасыз етпейді", – деді депутат.

Оның айтуынша, ел азаматтарының, сарапшылардың және әріптестердің комиссияға жолдаған 2 мыңнан астам өтініші назарға аударуға тұрарлық. Сол себепті құжатқа түзету енгізгеннен гөрі, жаңа мәтін қабылдаған жөн болады, деп есептейтінін жеткізген Еспаева Құқық актілері туралы заңның 26-бабына сүйеніп отырғанын да айта кетті.


"Заңның осы бабы нормативті құжаттың ауқымын ескеруді талап етеді. Заңда құжаттың жартысынан көбі өзгерер болса, оның жаңа мәтіні қабылданатыны жазылған", – дейді вице-спикер.

Сөз соңында депутат талқыланып жатқан түзетулерді жаңа Конституция жобасына енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар, 26 қаңтарда Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституцияда өмірге, бостандыққа және жеке өмірге қатысты құқықтарды нақтылау туралы ұсыныс жасаған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды