Алатауда түзеу мекемесі басшысының экс-орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесінің бұрынғы қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеменің бұрынғы бастығының орынбасары Серік Арыстанов ұсталды.

"Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша, яғни сотталған адамдардан бірнеше рет пара алу фактілері бойынша күдікке ілінген", – деп хабарлады ведомство.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты таңдады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Прокуратура ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті