Павлодарда Ертіс үстінен салынып жатқан көпірде өрт шықты

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді. Құтқарушылар жеткен кезде жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш қалып элементтері жанып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жалын өршіп, көпірдің бүкіл құрылымына таралуына жол берілмеген.

"Күрделі жағдайға қарамастан және өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте орналасса да, өрт сөндірушілер үйлесімді әрі жедел әрекет етіп, өртті қысқа уақытта бақылауға алып, толық сөндірді", – делінген хабарламада.

Министрлік дерегінше, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін