Алматыда шаруашылық қосалқы нысан сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Заңсыз салынған қосалқы нысан Нұр Алатау шағынауданындағы Өтегенов көшесі, 15/1 мекенжайында орналасқан.

Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

Басқарма бұған дейін рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты меншік иесіне әкімшілік шара қолданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген болатын.

2025 жылы 21 сәуірде Алматының Бостандық аудандық сотына қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арыз берілген еді. Былтыр 25 тамызда басқарманың талап-арызы толық қанағаттандырылды.

Бүгін қаланың Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін