Ақтөбеде оқушы қызды зорлап, жүкті қылған өгей атасы 21 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде оқушы қызды зорлап, жүкті қылған зейнеткер 21 жылға сотталды. Сот үкім тағайындаған кезде оның зейнеткер екенін ескерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс Қылмыстық кодекстің "Зорлау" және "Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру" баптары бойынша қаралды, деп жазды Kazinform.

"Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен 20 жылға, 124-бабы 3-бөлігімен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", — деді судья Алтынбек Сабыров.

Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Судья жаза тағайындау кезінде осы баптар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын, алайда зейнеткер екені ескерілгенін айтты.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған